Сақ бол: цифрлық теңгеге инвестиция салуға үгіттейтін алаяқтар көбейді

Қаскөйлер енді цифрлық теңгемен алдап жатыр. Алаяқтар белсенді, банктер бақылаудан тыс қалған ба? Әлеуметтік желілерде «мемлекеттік инвестициялық жоба» деген жалған жарнамадан көз сүрініп тұр.

Цифрлық теңге арқылы табыс табуды ұсынғандарға сенбеңіз? Ұлттың банк тағы дабыл қағып жатыр. Бұл жолғы қауіп қайдан келді? 

Ұлттық банктің мәліметінше, алаяқтар әлеуметтік желілерде «цифрлық теңге бойынша мемлекеттік инвестициялық жоба» туралы жалған жарнамаларды белсенді түрде таралып жатыр. Мұнда әккілер азаматтарға әп-сәтте байып кетудің түрлі жолдарын ұсынады.  Жобаларына мемлекет пен Ұлттық банк тарапынан қолдау көрсетілетінін желеу етіп, сенімге кіруді көздеген. «Шектеулі ұсыныс» немесе «соңғы мүмкіндік» деген таралымдарды көрсеңіз, ақша салуға асықпаңыз. Дәл осындай хабарламалар арқылы алаяқтар пайдаланушыларды фишингтік сайттарға бағыттайды. Ол жерде «шектеулі ұсыныс» немесе «соңғы мүмкіндік» деген сылтаумен  жалған жобаға қалай қаржы салғаныңызды аңғармай қалуыңыз әбден мүмкін. Нені білген жөн? 

Егер осындай белгілердің бірін байқасаңыз, әңгімені бірден тоқтатыңыз. Ұлттық Банк дербес деректерді жария етпеуге, SMS-код пен банк картасының деректемелерін хабарламауға, үшінші тараптағы тұлғаларға ақша аудармауға үндейді. Елдегі бас қаржы мекемесінің қызметкерлері аудио немесе бейнеқоңырау шалмайтынын, жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін және инвестициялық ұсыныстар жасамайтынын хабарлайды. 

Қаперде ұстаңыз көрермен! Егер сіз бәрібір алаяқтардың құрбаны болсаңыз, барлық дәлелдерді сақтап қойыңыз: Ол сізге зардап шеккендігіңізді дәлелдеуге әбден көмегі тиеді. Скриншоттар, хат алмасулар, нөмірлер, тіпті әрбір түбіртектер. Бұл — сіздің жалғыз дәлеліңіз. Оларсыз банк те, полиция да көмектесе алмайды өкініштісі. Ең бастысы, уақыт жоғалтпаңыз. Неғұрлым тез әрекет етсеңіз, қаражатты қайтару мүмкіндігі соғұрлым жоғары.

Әлеуметтік желілердегі жалған жарнамаға сене бермеңіз. Сақтық – сіздегі қауіпсіздік кепілі!