Жаңа Конституция соттардың тәуелсіздігін күшейтеді

Жаңа Конституция соттардың тәуелсіздігі мен құқық үстемдігін күшейтеді. Жаңартылған құжатта азаматтардың құқықтарын қорғауға басымдық берілген. 

Кейінгі жылдары сот жүйесіне кешенді реформалар жүргізілді. Бүгінде судьялар тек заңға бағынады, ал олардың жұмысына араласуға тыйым салынады. Сондай-ақ сот жүйесінің қаржылық дербестігін қамту үшін маңызды шешімдер қабылданды. Бұған қоса, халықтың сот төрелігіне қолжетімділігі артты. Былтырдан бастап елде Кассациялық соттар жұмыс істеп жатыр. Ол әрбір тарапқа қабылданған шешімді қайта қарауға қосымша мүмкіндік берді. Нәтижесінде қайта қаралған істердің үлесі айтарлықтай өсті. Мәселен, азаматтық істер бойынша көрсеткіш 3-тен 18 пайызға, ал қылмыстық істерді қайта қарау 8-ден 28 пайызға артқан.

Григорий Громов, заңгер, адвокат:

- Расында, реформалардың маңызы бар. Әсіресе соттардың қаржылық дербестігін айтуымыз керек. Енді олардың өз бюджеті нақтыланды. Демек мемлекеттік органдарға тәуелділігі жоқ. Сонымен қатар ел азаматтарының судьяларға және жалпы сот жүйесіне сенімі нығайды. Жаңа Конституцияда тұрғындардың мүддесіне айырықша көңіл бөлінген. Сондықтан қазақстандықтар қажет болған жағдайда, өз құқықғын қорғауға қорықпауы тиіс.