Несие рәсімдеуде тек ресми кіріс көрсетіледі

1 шілдеден бастап Ұлттық Банк қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалайтын жаңа коэффициенттер енгізеді.

Егер бұрын кез келген несиені рәсімдегенде қосымша кірісті зейнетақы аударымынсыз-ақ растауға мүмкіндік болса, енді оның күші жойылды. Банк тек ресми жалақыны ескереді. Сондай-ақ  борыштық жүктемелерге мән беріледі. Яғни айлық және жылдық табыс көлемін көрсеті міндет. Кредит жалақының жартысынан аспаған жағдайда ғана мақұлданады. Бұл халықтың қарыз қамытынан құтқаратын қадам. Бірақ екінші жағы – ипотека алу қиындайды. Өйткені Отбасы банк пен коммерциялық банктердің нарықтық мөлшерлемесі әр түрлі. Соған қарай азаматтар қайтадан қалай амал етерін білмей дал болуы мүмкін. Қазір Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі бірлесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеудің жаңа әдістемесін әзірлеп жатыр.