Қарағандыда курсанттар дрон басқаруды үйреніп жатыр

Қарағандыда Ішкі істер министрлігі академиясының курсанттары пилотсыз ұшу аппаратын басқаруды үйреніп жүр. 

Оқу орнында заманауи ғылыми зертхана ашылды. Қазір 250 тыңдаушы жаңа технологияны меңгеріп жатыр. Оларға криминалистика, қылмыстық процесс және әкімшілік-құқықтық пәндер кафедраларының оқытушылары дәріс оқиды. Ұстаздардың өзі арнайы курстан өткен. «Дронның тілін үйрену – заман талабы», - дейді жауаптылар. Бұл құрылғы құқық бұзушылықты дер кезінде тіркеу және ашу, әуе мониторингін жүргізу,  жедел операциялар өткізу сынды шараларда кеңінен қолданылады. 

Ерлан Намысов, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының орынбасары:

- Бүгінгі күнде ол өте маңызды, өте орынды, керек мамандық. Біздің түлектер оған көп көңіл бөледі. Болашақта бүкіл тыңдаушыларымызды осы мамандыққа үйретеміз. Мұғалімдеріміз әдейі Астана қаласында сабақ оқыды. Соған сертификат алып, осы мамандықты біздің түлектерге үйретуге күш салып жатырмыз.