Қарағанды облысында диқандар сандық технологияны қолданып жатыр
Ал Қарағанды облысының диқандары 1 миллион гектардан астам алқапқа егін салады. Бұл былтырғыдан 27 мың гектарға көп.
Шаруалар тұқым сапасын арттыру үшін сандық жүйеге негізделген технологияны қолданып жатыр. Мәселен, Нұра ауданының Шахтерское ауылындағы элиталы астық өндіретін шаруашылық тұқымды тазалап және химиялық өңдеуден өткізетін заманауи кешенді іске қосты. Нәтижесінде өнімділік артқан.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
- Қарағанды облысының фермерлері көктемгі егін салу науқанына 100 мың тонна тұқым әзірлеген. Егін жақсы шығу үшін тұқымға баса мән беру керек,- дейді агроном мамандар. Мысалы мына біз тұрған шаруашылықта тұқымды сандық жүйемен тазалайтын кешен іске қосылған. Мұнда сағатына 20 тоннаға дейін тұқым тазартылады.
Әмбебап кешенде түйір дән сұрыпталып, зиянкестерге және биологиялық зақымдануға қарсы өңдеу жүргізіледі. Ол үшін 4 сұрыптайтын және бір фотосүзгіш қондырғы орнатылған. Нәтижесінде сапасы жоғары тұқым дайындалады. Нәтижесінде егін бітік шығып, күзде мол өнім алуға болады- дейді мамандар.
Олжас Құттымбек, агроном:
- Осы 4 машина арқылы біздің ойлаған жаңағы көрсеткішімізге жетпейтін болсақ, фотосепаратор арқылы тазалаймыз. Ол дегеніміз арасындағы ауруларын, сыртындағы жаңағы қарасы бар, сапасын 99,9 пайызға дейін жеткіземіз. 03.35 тазаланған тұқымды біз әрі қарай дәрілеп, сосын біз оны ары қарай қаптарға қаптап беруге едйін мүмкіншілігіміз бар.
Биыл көктемгі дала жұмыстарына 11 мың трактор, және топырақ өңдейтін, тұқым себетін 10 мың у техника шығады. Қазір шаруашылықтар техниканы дайындап жатыр.
Сергей Кручинин, бригадир:
- Көктемгі егін салу науқанына дайындалып жатырмыз. Техникаларды, агрегаттарды тексеріп, ақауын жөндеп, майын ауыстырамыз. Жаңадан екі тұқым себетін техника алдық. Мамандар құрастырып жатыр. Күн жылып, жер кепкен кезде жұмысты бастап кетеміз.
Биыл Қарағанды облысында 1 миллион 93 мың гектар жерге дәнді-дақыл егіледі. Бұл былтырғыдан 27 мың гектарға артық. Нарықтық сұранысқа байланысты майлы дақылдар алқабы ұлғайтылған. Шаруашылықтарға 17 мың тоннадан астам арзандатылған дизель отыны жеткізілді.
Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит