Елде 80 мың әйел ағзаға зиянды жағдайда еңбек еткен

Былтыр елде 396 мың 500 адам денсаулыққа зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген. Оның ішінде 80 мыңнан астамы – әйелдер.

Бұл зерттелген кәсіпорындардағы барлық қызметкердің шамамен 22 пайызына тең. Өнеркәсіп саласында 272 мың қызметкер, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 115 мың, ал тау-кен өндіру және карьерлерді игеру саласында 114 мың 700 адам еңбек етеді. Өңірлер бойынша көш басында Қарағанды тұр. Кеншілер мекенінде 56 мыңнан астам маман қолайсыз еңбек жағдайларында қызмет атқарады. Ең төмен көрсеткіш Алматы облысында – 4 мың 100 адам. 2025 жылы кәсіпорындардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жұмсаған шығындары 558 млрд теңгеден асты.