Алматылық полицейлер самокатқа мінді
Алматыда арнайы жасақ өздері самокатқа мінді. Жұмыс нәтижесіз емес, осы күнге дейін 480 адамға әкімшілік хаттама толтырған. Бұл туралы қалалық полицияның баспасөз қызметі хабарлады.
1 сәуірден бастап тәртіп сақшылары қаладағы тәртіпті осылай қадағалайды. Арасында учаскелік инспекторлар мен ювеналдық полиция қызметкерлері бар. Олар көшедегі, өзен арналарын және саябақтарды бақылайды. Қазір Алматыда 4 кикшеринг компаниясы бар. Олар 22 мыңнан аса самокатты жалға береді.
Олжас Елқондиев, Бостандық АПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы:
- Жыл басынан осы профилактикалық іс-шара бойынша 200-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Ол шлемсіз жүргені үшін және де мына автокөліктердің жол бойында жүруге тыйым салынған бұларға. Күнделікті демалыссыз таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс атқарамыз.