Конституция ғылыми тұрғыдан зерттелу керек

Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы ғалымдар осындай пікірде. Олар жаңа Конституцияны «халықтық» бағалап, сол ойларын байыптауға тырысты. 

Семинар барысында Ата заңның мемлекеттілік қалыптасуындағы рөлі пайымдалды. Оның тарихи маңызына тоқталып, эволюциялық негізгі кезеңдеріне шолу жасалды. Құқықтық табиғаты мен заманауи мемлекет құрылысындағы орны талданды. Бас құжатта білім, ғылым және инновацияның басымдық ретінде бекітілуі, адами капиталдың дамуы таразыланды. 

Ғалымдар Конституцияны саяси-тарихи әрі құқықтық тұрғыдан таразылап, ұлттық бірегейлік пен мемлекеттік идеологияны нығайтудағы рөліне тоқталып өтті.

Нұрбек Пұсырманов, Мемлекет тарихы институтының директоры:

- Бұл жағдайда мемлекет пен қоғамның, мемлекет пен азамат арасында өзара сенім, жауапкершілік, әділет мәселесі үзілместей болатыны белгілі. Жаңа Конституцияда ұлттық бірегейлік, халықтың саяси санасы, құқықтық мәдениеті көрініс тапқан. Болашақ бағдар да осы Конституцияда айқындалған.