Басына кірпіш құлаған баланың жағдайы ауыр
Қарағанды облысында үш жасар бала зардап шеккен төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.
Ботақара кентінде мәдениет үйінің ғимаратынан кірпіштің бір бөлігі үзіліп, бүлдіршіннің басына құлаған. Оқиға салдарынан ол ауруханаға жеткізіліп, шұғыл операция жасалды. Дәрігерлер баланың бассүйегі сынғанын мәлімдеді. Қазір жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Құзырлы органдар оқиғаның себептерін жан-жақты тексеріп жатыр.
Бақытжан Құдияров, ПД баспасөз хатшысы:
- Мәдениет үйі ғимараты қасбетінің қаптамалық материалының бір бөлігі үш жастағы балаға құлағаны бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті қажетті тергеу жүргізілуде.