Алдағы күндері еліміздің басым бөлігі бұлтты, жауын-шашынды болады

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмендеп, жаңбырдың қарға ауысуы, көктайғақ құбылыстары болуы мүмкін, - деп хабарлайды «Қазгидромет». 

16 сәуірде оңтүстікте, 15-16 сәуірде солтүстікте,  орталықта, батыс өңірлерінде бұршақ аралас жаңбыр жауып, екпінді жел соғады,14 сәуірге қараған түні шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, қатты жел соғады.

Ауа температурасы төмендейді:
батыста түнде +2…+10°С, күндіз +10…+15°С;
солтүстікте түнде -2…-8°С, күндіз 0…+7°С;
оңтүстікте түнде +3…+13°С, күндіз +8…+18°С.