Туроператорларды лицензиялау жеңілдеді

Туроператорларға лицензия беру кезінде өтініш беруші ұсынған деректер енді автоматты түрде тексеріледі. Азаматтардан бұрынғыдай құжаттың сканерленген нұсқасы талап етілмейді.

Барлық мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден тікелей алынады. Яғни, білім, еңбек өтілі және мүлікке қатысты деректер онлайн тексеріледі. Бұл жүйе жалған құжат ұсыну қаупін жойып, өтініштің қаралу мерзімін азайтады. Сонымен қатар лицензия беру үдерісін ашық әрі тиімді етеді. 

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін лицензиялық алымның төленгенін автоматты түрде тексеру тетігін енгізу жоспарланып отыр.