Атырауда ғалым әйелдердің өңірлік форумы өтті
Атырауда ғалым әйелдердің өңірлік форумы өтті. Жиынға мемлекеттік қызметте, әлеуметтік салада, бизнес пен мұнай-газ өнеркәсібінде жетістікке жеткен әйелдер қатысты.
Сондай-ақ еңбек ардагерлері де шақырылды. Елде 100 мыңнан астам адам ғылыми дәрежеге ие болса, оның 51,6 пайызы әйелдер. Форумды ұйымдастырған Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде 80-нен астам әйел-ғалым болашақ мұнайшыларға дәріс оқиды. Оның 7-уі ғылым докторы, 25-і ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Жергілікті ғалым әйелдердің ерекшелігі – олардың зерттеулері тікелей өңір экономикасымен байланысты. Ғалымдар тек теориямен емес, нақты өндірістік мәселелерді шешуге қатысады.
Гүлзада Шакуликова, С. Өтебаев атындағы Мұнай және газ университетінің ректоры:
- Жалпы ғылым біздің Қазақстанда дамып келе жатқаны сөзсіз. Соңғы 3-5 жыл арасында ғылымның қаржыландырылуы 2 есеге аса түсті. Біздің университетке жиналған ханымдар: олар бизнесте өндірісте жасайтын басшылар мына мемлекеттік органда жасайтындар. Олар біздің жас мамандармен білім алып жатқан студенттермен өзінің тәжірибелерімен бөлісті.