Тазалық пен тағзым
Алматыда «Таза бейсенбі» акциясы жалғасып жатыр. Бұл жолы еріктілер мен оқушылар Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш маңын тазалады.
Іс-шара Алатау ауданындағы мектеп аумағында өтті. Экобелсенділер тек тазалық жұмысын жүргізген жоқ, олар өткенге құрмет көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Таза Қазақстан акциясы – жәй ғана сенбілік емес. Келешек ұрпақтың тәрбие мектебіне айналып отыр. Экологиялық акцияға мәслихат депуттары мен ұстаздар да қатысты.
Гүлжан Бекенова, қалалық мәслихат депутаты:
- Жеңіс күні қарсаңында жыл сайын осы аумаққа біз келіп, осындай сенбілік жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Яғни ескерткіштің жанын тазалап, табиғатты қорғау мақсатында. Сонымен қатар гүл отырғызу жұмыстарын жүргіземіз.