Мобильді аударымдарға қойылатын талаптар өзгеруі мүмкін
Қазақстанда мобильді аударымдарға бақылау күшейеді. Қарапайым тұрмыстық аударымдар тексеріс нысанына ілікпеуі мүмкін.
Енді жеке шотыңызға үш ай қатарынан 100 немесе одан көп адамнан ақша түссе, қаржы ұйымдары бұл туралы бірден Кірістер комитетіне хабарлайды. Кәсіпкер ретінде тіркелмегендер айыппұл төлейді. Бастама көлеңкелі экономикамен күресуге бағытталып отыр. Мамандар сәуір айының соңына дейін күмәнді операциялар тізімін жасап, тексереді. Ал мамыр айынан бастап қазақстандықтар арнайы хабарламалар ала бастайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық жеңілдіктері қарастырылған.
Ерқанат Шымберген, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы:
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимі пайда болды. Яғни бұл режим аясында жеке кәсіпкерлікке тіркелудің қажеті жоқ. Ешқандай салық төленбейді. Әлеуметтік төлемдер. Жеке азамат өзі үшін төлейді. Жеке зейнетақы қорына. МӘМС бар. Бізде қазір біраз азаматтар осы режимді қолдана отырып, тиісті төлемдерін төлеп жатыр.