Қостанайлық студенттер жарыс көлігін құрастырды
Қостанайлық студенттер тұңғыш отандық жарыс көлігін құрастырды. Оған олар екі жылдан артық уақыт сарп еткен.
Көліктің дизайнынан бастап, барлық құрылымын болашақ инженерлер өз қолдарымен жасап шығарды. Алғашқы қазақстандық болид машинасының тұсаукесер рәсіміне университет басшылығы, жергілікті автозавод өкілдері қатысты. Жарыс машинасының қуаты 110 аттың күшіне тең. Бірден жоғары жылдамдық алады. Бастамашыл топ мұнымен шектелмек емес. Өңірлік университеттің инновациялық технопарк шеберханасында көлік конструкциясын әлі де жетілдіре түсуді мақсат етіп отыр.
Сейітбек Қуанышбаев, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ректоры:
- Бұл болид машинасын біз әлемде болып жатқан студенттердің болидтен жарысы бар. Біз соған биыл өтініш беріп қойдық. Соған қатыссақ дейміз. Бұл тек қана бірінші көлігіміз. Қазақстанда өз машинамызды жасауға мінеки алғашқы қадамдар жасалды деп есептейміз. Сондықтан да мұны болашақта әлде де біз әрі қарай дамытамыз.