Отандық бітімгерлер БҰҰ миссиясына дайын
Қазақстандық бітімгерлер Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық миссиясын орындауға толық дайын.
Бұған Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков Алматы гарнизонына жұмыс сапары барысында көз жеткізді. Ол үшінші ұлттық бітімгерлік контингенттің БҰҰ-ның Голан жоталарындағы миссиясын орындауға дайындық барысын оң бағалады. "Бітімгер" оқу-жаттығу орталығында министрдің орынбасарына әскери қызметшілерді даярлаудың толық циклі көрсетілді. Бағдарлама тактикалық, арнайы, медициналық және тілдік дайындықты қамтиды. Министрдің орынбасары әскери қызметшілерге халықаралық міндеттерді орындауға тиянақты дайындығы үшін алғыс айтты.