22-24 сәуір күндері Астанада өңірлік экологиялық саммит өтеді

Ауқымды халықаралық іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылмақ.

Жиынға Орталық Азия елдерінің Мемлекет басшылары мен ғылыми қауымдастық өкілдері, сондай-ақ 20 мыңнан астам қатысушы келеді деп күтілуде. 

Саммиттің негізгі мақсаты – Орталық Азия өңірінің орнықты дамуы бойынша ортақ ұстаным қалыптастыру және экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу тетіктерін талқылау. Күн тәртібінде климаттың өзгеруі, су ресурстарын тиімді басқару, жасыл энергетиканы дамыту және экологиялық қауіпсіздік мәселелері қаралады. Сонымен қатар өңір елдерінің «жасыл экономикаға» көшуіне бағытталған жаңа бастамалар мен жобалар ұсынылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл алаң Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты даму бағытындағы жаңа серпін беруге ықпал етпек.