Атырау облысында жаңа су қоймасы салынады
Атырау облысында тасқын суды жинап, кәдеге асыратын су қоймасы салынады.
Сыйымдылығы 220 млн текше метр болатын гидроқұрылғының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, сараптаудан өтті. Жоба аясында Құлсары қаласы мен Жаңа Қаратон кентіне құбырлар тартылады. Сонымен бірге су қоймасы Жем өзенінің тасқынын тежейді. Осыдан екі жыл бұрын нөпір тасқын Құлсарыны басып, 3 мыңнан аса үй мен әлеуметтік нысан жарамсыз боп қалды. Су қоймасын салуға облыс бюджеттен 64 миллиард теңге қаралады.
Нұрбақыт Мақсотов, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:
- Болашақ су қоймасы Жем өзені бойынан «Аралтөбе» жерінен салынады деп жоспарлануда. Аталған жоба Жылыой ауданы мен Құлсары қаласын сумен қамтаамсыз етуге бағытталған стратегиялық міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін және ауыл шаруашылығын, егін шаруашылығын, сонымен қатар су тасу қаупінің алдын алу масқатында жасақталды Жобаны іске асыру кезеңі 2026-2028 жылдар арасын қамтиды деп жобалап отырмыз.