Қазіргі заманғы инклюзивті білім берудің жағдайы

Елімізде бүгінгі таңда 8 жасқа дейін ерекше білім беру қажеттіліктері бар 203 717 мың бала бар. 

Оның 9 556-ның жасы 3-ке дейін болса, тағы 137 434 бүлдіршін мектеп жасында. Оларды оқумен қамтамасыз ету мақсатында республика мектептерінің 86 %-ында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған. Бұл көрсеткіш осыдан 10 жылмен салыстырғанда өте жоғары. Мектепке дейінгі, орта және техникалық кәсіптік білім беру деңгейінде оқытумен және тәрбиемен мүгедектігі бар 68 мыңнан астам адам қамтылды. Қазіргі күні арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін 489 арнаулы ұйым жұмыс істейді. Мұның 105 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 218 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 99 арнаулы мектеп, 13 оңалту орталығы, 10 аутизм-орталығы тіркелген. Жалпы соңғы бес жылда арнайы білім беру ұйымдарының желісі 80 бірлікке ұлғайғанын көрсетеді.