Ақмола облысында 40 мың көшет егілді
Ақмола облысындағы «Бұқпа» орман шаруашылығында 40 мың көшет егілді. «AMANAT» партиясының бастамасымен өткен экологиялық акцияға 100-ге тарта адам қатысты.
Жалпы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны басталғалы «Бұқпа» орман шаруашылығының аумағында жеті миллионнан астам ағаш егілді. Былтыр мұнда 41 гектар жер көгалдандырылып, қылқан жапырақты және басқа да ағаш түрлері отырғызылды. Орман қорын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл табиғи ресурстар басқармасы тағы төрт жарым миллион көшет егуді жоспарлап отыр.
Батухан Исмаилов, «Жастар рухы» ОФ Жастар қанатының волонтері:
- «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты - экологиялық мәдениетімізді арттыру және де Қазақстанымызды таза ұстау, ағаш егіп, экологиямызды дұрыстау. Жастар үшін маңызы зор. Себебі бұл - біздің болашағымыз. Әрбір ағаш экологияға әсер етеді, экологиялық мәдениетімізді, Қазақстанымызды көркейту керек.