Президент Қазақстандағы алғашқы криптовалюта жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Alem.ai battle және «АІ Governance Cup» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. 

Президент елімізде қоғамның барлық саласын қамтитын ауқымды реформалардың жүзеге асып жатқанына тоқталып, озық ойлы жастардың елімізді биік белестерге бастап, ұлтымыздың мерейін өсіретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу Қазақстанды жан-жақты жаңғыртудың негізгі факторы екенін жеткізіп, қазіргідей құбылмалы, дүрбелеңге толы заманда бәсекеге қабілетті болып, көш соңында қалмай, өркениетті елге сай өсіп-өркендеу қажеттігіне баса мән берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысына отандық CryptoPay жүйесінің жұмысымен танысып, Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісіне куә болды.