Run for Autism: қайырымдылық марафоны өтті
Астанада Run for Autism атты қайырылымдылық жүгіру марафоны өтті. Игі іс биыл төртінші рет ұйымдастырылды.
Қатысушылар жүгіру арқылы аутизммен ауыратын адамдарды қолдауды, қоғамға үн тастауды көздейді.
Елде аутизммен ауыратын 18 мың адам бар. Оның дені балалар. Ал әлемде 75 млн жан кеселмен күресіп жүр. Бүгін осындай тағдыр иелеріне қолдауға бағытталған Run for Autism атты жүгіру марофоны өтті.
Самал Әлбілекова, Bolashak Charity қоғамдық қоры әлеуметтік және инклюзивті бағдарламалар жетекшісі:
- Жүгіру жарысында түрлі менталды бұзылысы бар және физиологиялық жағынан бұзылысы бар адамдар қатысып жатыр. Бұл тек ғана Қазақстанда емес, сонымен қатар Орталық Азиядағы ең үлкен инклюзиялық жарыс деп айтуға болады. Бұл тек ғана Қазақстанда емес, сонымен қатар дүниежүзіндегі Нью-Йорк, Берлин, Дублин секілді ірі мегаполистерде өткізілетін жыл сайынғы қайырымдылық жарысы.
Игі іске 5 мыңнан астам адам атсалысты. Олардың сапында жастар да, қариялар да бар. Қайырымдылық шарасының ең қарт қатысушысы - 75 жаста. Ал марафоннан жиналған 42 млн теңге қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Аутизм, физиологиялық бұзылысы бар жандардың білім алуына, биімделуіне бағытталады.
Күләнда Атшыбаева, Атырау облысының тұрғыны:
- Run for Autism болашақ қоры екеуімен шақырғанына өте ризамыз. Болашақта Атырауда өтейін деп жатқан кәсіпкерлікке дайындау кәсіби техникалық колледжге ертең 27 күні түсеміз, сол кезде Тенгиз Шевройлдың конференция өтейін деп жатыр. Соған құлшына қатысамыз.
Игілікті іс Bolashak Charity қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды. Айталық, бірлестік бүгінге дейін 90-нан астам мамандандырылған оңалту мекемелері мен кабинеттерді ашып, жабдықтады.
Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Ержан Рахманбердиев