ШЫҰ елдерінің қорғаныс министрлері кеңесі өтті

Қырғызстан астанасы Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволары басшыларының кеңесі өтті.

Күн тәртібінде әскери ынтымақтастықты дамыту, халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл және ұйым кеңістігіндегі тұрақтылықты нығайту мәселелері қаралды. Қазақстан Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов өз баяндамасында мемлекеттің өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға және қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы бірлескен шараларды жетілдіруге қатысты ұстанымын атап өтті. Іс-шара барысында қатысушылар практикалық ынтымақтастықты кеңейту келешегін талқылап, күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Кеңес қорытындысы бойынша ұйымға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрліктерінің 2027 жылға арналған ынтымақтастық жоспары бекітілді.