Қостанайда «Qostanai tech» инновациялық фестивалі өтті
Қостанайда отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль өтті.
Технология жетістіктерін паш еткен ауқымды іс-шара цифрландыру және жасанды интеллект жылының басты оқиғасы ретінді бағаланып отыр. Фестивалді ұйымдастырушылар инновациялық жаңалықтармен қатар, отбасы құндылықтарын насихаттауды мақсат етіпті.
Бүгін Жастар сарайының іші-сырты ғылым, инновация, өндіріс тоғысқан технопаркке айналғандай. Өңірдегі Аллюр,Кіа, Агромашхолдинг сияқты ірі машина жасау зауыттарының техника көрмесі, қолданыстағы өндірістік технологиясы, киберспорт аренасы, технополигон, конструкторлық зертхана, робототехника бәрі-бәрі осында.
Ардақ Бегатаров, Қостанай облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Бұл жердегі біздің ең негізгі мақсаттарымыз өзіміздің машина жасау өнеркәсібін таныстыра отырып, бізде білім алып жатқан балалар, болашақта машина жасау зауыттарына жұмыс істейтіндей болып, оны жас кезінен кәсіптік бағдар беруіміз керек.
Фестивалге қарақұрым халық жиналды. Басым бөлігі балалар. Олар ғылыми сынақ думанды қызықтап, өз қолдарымен робот құрастыру мүмкіндігіне болды.
Мансұр Досмұхамбетов, оқушы:
- Өте жақсы деңгейде өтіп жатыр. Маған ұнады. Әсіресе робот ит ұнады. Бірінші рет көріп тұрмын. Бұлжердегі бүкіл дүниелерге көзім қарап үлгермей жатыр.
Өндірісте жасанды интеллект элементтерін қолдану жағынан Қостанай облысы елімізде жетекші орында. Мысалы өңірдегі қайта өңдеу кәсіпорындарының жартысына жуығы АІ технологияны қолданады. Өнеркәсіп орындарында 145 робот жұмыс істейді. Салыстырмалы түрде айтсақ үш жыл бұрын үшеу ғана болатын.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
- «Қостанай тех» фествивалі неліктен Қостанайда өтіп жатыр. Біздің өңір көптеген жаңа технологияларды еңгізіп жатқан аймақтардың бірі. Барлығымзда замануй цифрлы қоғамда өмір сүргіміз келеді. Облыстың болашағы тек өндіріс қана емес, сонымен бірге инновация білім, цифрлық шешімдер және дарынды жастар екенін жақсы түсінеміз.
Инновациялық фестивалге бүкіл өңірлерінен қонақтар келді. Арасында жасанды интеллект саласының «жілігін шағып, майын ішкен» мамандар да аз емес. Еліміздің көрнекті математигі, профессор Асқар Жұмаділдаев, оңтүстік кореялық ғалым, дипломат Рае Квон Чунг, Оксфорд университетінің қазақстандық алғашқы түлегі Ғабит Бекақметов ақпараттық технологияны дамыту, оны өндірске еңгізу турасында ойларын ортаға салды.
Асқар Жұмаділдаев, Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор:
- Жасанды интеллект дегеніміз әсіресе тілдік модель. Біз ағылшыннан да алып көшіруімізге болады, ол проблема емес. Бірақ ұлттық қауіпсіздік көзқарасынан келсек, ұлттық мүдде, ұлттық болмыш жағынан келетін болсақ, біз міндетті түрде өзіміздің жасанды интеллектіні жасауымыз керек.
Ғабит Бекахметов, Білім беру және технология саласының маманы:
- Мына жерде индустрия өте қатты дамыған. Инудстрияның маңында әртүрлі стартаптарды венчурлық студия механизим арқылы дамыту. Мен сол туралы айтқым келеді.
Фестиваль қонақтары өңірдегі бірқатар кәсіпорындарда болып, автокөлік өндірісі процесімен жақын танысты. Мұндай индустриялық экскурциялар Қостанайда тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.
Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров