Сот төрелігінің сапасын арттыру талқыланды

Кейінгі бір жылда Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы судьялардың біліктілігін арттыратын жеке бағдарламалар енгізді.

Және алғаш рет білім беру бағдарламалары магистратурадан докторантураға дейін кеңейтілді. Бұл туралы академияның 10 жылдығына орай Астанада өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Іс-шараға Әзербайжан, Германия, Қырғызстан, Польша, Өзбекстан, Ресей және Түркия делегациялары, сот жүйесінің, ғылыми және заң қауымдастығының өкілдері қатысты. Конференция барысында халықаралық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, білім беру стандарттарын үйлестіру және сот білімі саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ сот төрелігінің сапасын арттырудың заманауи тәсілдері жан-жақты қаралды.