Qarmet кәсіпорнындағы қылмыс: 13 адам ұсталды
27 сәуірде Қарағанды облысында полиция қызметкерлері Qarmet АҚ-да әрекет еткен қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Күдіктілер жасырын алаяқтық схемаларды қолданып және кәсіпорынның жекелеген қызметкерлерімен сөз байласа отырып, жеткізілетін шикізаттағы темір құрамының көрсеткіштерін қолдан көтеріп отырған.
Кәсіпорынға келтірілген залал - шамамен 190 млн теңге. Заңсыз әрекеттерге қатысы бар 13 адам ұсталды. Олар - Теміртау қаласының тұрғындары.
Тінту барысында ірі көлемде қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді, соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
«Қабылданған шаралар қалақұраушы кәсіпорынның тұрақты жұмысы мен тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады», - делінген хабарламада.