Қарағанды облысында 334 адам донорға мұқтаж

Қарағанды облысында 334 адам донорлық трансплантацияға мұқтаж. Жетеуіне жүрек, үш адамға өкпе және тоғыз жанға бауыр ауыстыру қажет.

Науқастардың 315-і бүйрек ауруына шалдыққан. Елде жасалатын трансплантациялық операциялардың 95 пайызында науқастың туған-туыстары көмектеседі. Яғни негізінен тірі донорлар қатысады. Ал қайтыс болған адамның ішкі ағзалары келісім берілген жағдайда пайдаланылуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, дүние салған бір адам жеті адамның өмірін сақтап қала алады.