Еліміздегі ер-азаматтардың нақты саны белгілі болды

Фото: depositphotos.com

Қазақстандағы ерлердің саны 10 044 673 адам. Ұлттық статистика бюросы Отан қорғаушылар күні қарсаңында осындай мәлімет жариялады, деп хабарлайды «24KZ»

Жас топтары бойынша ерлердің үлесі:

0-15 жас - 30,2%
16-60 жас - 56,5%
61 жас және одан жоғары - 13,3%

Ерлер ең көп шоғырланған өңірлер:
Алматы қаласы - 1,1 млн
Түркістан облысы - 1,1 млн
Алматы облысы - 806,5 мың
Астана қаласы - 785,4 мың

Ерлердің орташа жасы - 31,1 жас
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы - 72,19 жыл

2025 жыл бойынша:

Жұмыспен қамтылған халық арасындағы ерлердің үлесі - 51,6% (4,8 млн ер адам)

Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес - 50,6%

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес - 55,1%

Салалар бойынша жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі:

Өнеркәсіп - 16,5%
Көтерме сауда - 14%
Ауыл шаруашылығы - 12,4%
Көлік және қойма - 11,1%

Жеке кәсіпкерлер арасындағы ерлердің үлесі - 54,7%
Ең көп жұмыспен қамтылған ерлер 35-44 жас аралығында - 1,4 млн адам.

Айта кетейік, 2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстандағы ең танымал ерлер есімі - Алан (817 адам).
Одан кейін Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед және Рамазан есімдері жиі кездеседі.