Шымкент әуежайында жаңа ұшу-қону жолағы салынады
Көлік министрі Шымкент әуежайындағы жаңғырту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды 24KZ.
Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Шымкент халықаралық әуежайына барып, екінші ұшу-қону жолағын салу жобасының барысымен танысты.
Сонымен қатар, жобада такси жолдарын, авариялық-құтқару станцияларын, инженерлік желілерді және периметрлік қоршауларды қоса алғанда, тиісті инфрақұрылымды орнату, сондай-ақ әуеайлақты ИКАО-ның III санатты жарық сигналдық жабдықтарымен жарақтандыру көзделген.
Екінші ұшу қону жолағының құрылысы Қазақстанның аэрохабтарын дамыту шеңберінде іске асырылатын негізгі инфрақұрылымдық жобалардың бірі болып табылатыны атап өтілді.
Жоба әуежайдың өткізу қабілетін арттыруға, оның заманауи әуе кемелерін өңдеу мүмкіндігін кеңейтуге және аймақтың транзиттік және логистикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Тексеру қорытындысы бойынша министр барлық жоспарланған жұмыстарды уақтылы және сапалы аяқтауды тапсырды.