АҚШ Қордағы мұнайды сыртқа шығарды

АҚШ жергілікті компаниялар үшін стратегиялық резервтен 53 млн баррель мұнайды сыртқа шығарды. 

Осылайша, Энергетика министрлігі елдің мұнай-газ саласының жұмысын реттемек. Билік бұл қадам шикізат тасымалын ұлғайтып, жанармай бағасын тұрақтандыруға көмектеседі деп сенеді. Қордағы жалпы 172 млн баррель қара алтынды пайдалану жоспарда бар. Бұған дейін Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Халықаралық энергетикалық агенттіктің үйлестіруімен 30-ға жуық мемлекет шамамен 400 млн баррель мұнайды нарыққа шығаруға міндеттелген еді.