Шымкентте республикалық құмай тазылар жарысы өтті

Ауқымды дода алғаш рет ұйымдастырылды. Жарысқа 18 өңірден келген 36 құмай тазы қатысып, 500 метр қашықтықта бақ сынады. 

Сайыс барысында жүйріктігімен, алғырлығымен ерекшеленген тазылар, көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Шара барысында жеті қазының бірі саналған тазының шапшаңдығы ғана емес, олардың сыртқы келбеті мен ұлттық нақыштағы сән-салтанаты да назарға алынды. Қатысушылар «Сұлу тазы», «Үздік ұлттық киім» және «Ең жас баптаушы» аталымдары бойынша арнайы марпатталды.