Баршаның назарына: Алматыда дабыл жүйесі іске қосылады

Фото: ТЖМ

Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды «24KZ».

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 11:00-де сиреналар қосылады.

Жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға дайындық алдын ала жүргізілуде: 12 мамырдан бастап алдағы жоспарлы сейсможаттығу туралы және сабыр сақтауға шақыратын ұсынымдары бар бейнероликтерді теле-радиоарналар арқылы хабарламалар ұйымдастырылды.

Сейсможаттығу күні сағат 11:00-де сиреналық-дауыс хабарлау құрылғыларын іске қосу, теле-радиоарналарды автоматты түрде тоқтатып шұғыл ақпарат беру, Masalert жүйесі және  мобильді қосымшалар арқылы қалалық хабарлау жүйесі іске қосылады.

«Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы – төтенше жағдай қаупі туындағанда немесе орын алған жағдайда халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы. Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радио қабылдағыштарды қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқып, әрі қарайғы іс-қимыл бойынша нұсқаулықтармен танысу қажет.

Егер жер сілкінісі орын алса – дүрбелеңге берілмеңіз!  Қауіпсіз орынды паналаңыз. Жер тербелісінің алғашқы дүмпулер  тоқтағаннан кейін - ғимараттар мен құрылыстардан қауіпсіз қашықтыққа шығып, қажет болған жағдайда халықты қабылдау пункттеріне (ХҚПП) барыңыз.

Алматы қаласында 384 халықты қабылдау пункті дайындалады.