Елімізде алғашқы жүк борты іске қосылады

Алдағы ауқымды істі көлік министрлігі қазан айына жоспарлаған.

Бұл туралы үкімет отырысында айтылды. Жиында мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында елімізде жүк тасымалдайтын отандық әуе компаниясын құру жөніндегі шаралардың атқарылуы сараланды. Бастама бүгінгі таңда тікелей үкімет басшысының бақылауында. Діттеген мақсатқа жету үшін транзиттік жүк рейстерінің санын арттыру көзделіп, авиаотын бағасы барынша қолжетімді болмақ. Сонымен қатар еліміздің авиация саласын одан әрі дамыту үшін кадрлық әлеуетті күшейту қажет екендігі де айтылды.