Елордада әскерге шақыру жүйесіндегі мәселелер талқыланды
Елордада әскери саланың жұмысын жетілдіру бойынша көшпелі отырыс өтті. Іс-шараға Сенат депутаттары, Қорғаныс министрлігі және өзге ведомство өкілдері қатысты.
Басқосуда көктемгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру, дәрігерлік комиссиялардың жұмысы, нысандардың жай-күйін қадағалау сынды бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Бүгінде салаға IT және киберқауіпсіздік мамандарын тартуға көңіл бөлініп отыр. Жиынға қатысушылар Алматы, Сарыарқа және Байқоңыр аудандарындағы жинау пунктінің жұмысымен де танысты.