Жезқазғанда коммуналдық кәсіпорын жұмысшысы көз жұмды

Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде коммуналдық кәсіпорын жұмысшысы қайтыс болды. 

Тағы бір жұмысшы жәдел жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді. Жылумен жабдықтау кәсіпорны таратқан ақпарат бойынша жұмысшылар метан газына тұншығып қалған. Соның салдарынан 43 жастағы слесарь оқиға орнында көз жұмды. Мән-жайды толық анықтау үшін полиция қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша іс қозғады. Ал қатты уланып қалған екінші адамның жағдайы әлі де орташа ауыр дейді дәрігерлер.

Дмитрий Угрюмов, облыстық аурухананың бөлімше меңгерушісі:

- Зардап шеккен азаматтың ауруханаға жеткізілген сәтте бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Жедел ингалияциялық уланған деген диагнозы қойылды. Толық көлемде тиісті көмек көрсетілді. Бүгін таңертең нефрология бөлімшесіне ауыстырылды. Қазір ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты.