Каспийдің апаттық-құтқару инфрақұрылымы нығайтылып жатыр

Каспий теңізінің қазақстандық секторында авариялық-құтқару инфрақұрылымы нығайтылып жатыр.

Бұл шаралар мамандандырылған кемелердің тұрақты жұмысы мен тәулік бойы төтенше жағдайларға, жедел ден қою үшін ерекше маңызға ие. Атқарылған жұмыстармен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Атырау облысына жұмыс сапарында танысты. Солтүстік Каспий экологиялық базасында Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға, іздестіру-құтқару операцияларын жүргізуге арналған кемелер, техника мен жабдықтар көрсетілді. Бұған дейін Президент Каспийдегі экологиялық қауіпсіздік жүйесін күшейтуді тапсырған болатын. Акваторияны экологиялық қауіптерден қорғайтын «Теңіз жасағы» құрылды. Наурыз айынан бастап каналды кеңейту, тереңдету, және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүрді.