Елде 24 мыңға жуық электр көлігі бар

Елде 24 мыңға жуық электромобиль тіркелген. Бұл былтырғыдан 2 есе көп.

Мамандар көрсеткішке электрокарды жеке пайдалану үшін кедендік алым мен қосымша құн салығынан босату әсер еткенін айтады. Тек мұндай көлікті Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне сатуға болмайтын. Ал биыл бұл жеңілдік тоқтады. Себебі дүниежүзілік сауда ұйымының тарифі бойынша елге электромобильді кедендік алымсыз әкелуге болады. Дегенмен мұндай көліктің нақты саны білгісіз. Ұлттық статистикаға сүйенсек, электрлі көліктің басым бөлігі Алматыда тіркелген. Мегаполисте 15 мыңға жуық жеңіл электромобиль бар. Астанада 2 700-ден аса, ал Алматы облысында  мың жарым электромобиль жүреді. Жетісу, Ақмола, Абай және Ұлытау облыстарында электромобиль көп емес. Өйткені инфрақұрылым барлық өңірде бірдей емес.

Электромобильдің үлесі:

Алматы - 14 950 (62.7%)

Астана - 2 754 (11.6%)

Алматы облысы - 1 553 (6.5%)

Басқа аймақтар - 4 586 (19.2%)