Атырау облысында мәдениет үйінің құрылысы бітпей тұр
Атырау облысының Қарабау ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы 3 жылдан бері бітпеді. Бастапқы жобалық құны 1,3 млрд теңге болатын.
Кейін су тасқынына байланысты қаржыландыру тоқтатылып, алғашқы мердігер кетіп қалды. 2 қабатты ғимараттың қазір қаңқасы ғана қалқайып тұр. Жоба бойынша мәдениет үйінің аумағында ойын алаңы, ересектер дем алатын орын мен көлік тұрағы болуы тиіс еді. Алайда абаттандыруды айтпағанда, ішкі инженерлік жүйесі де жүргізілмеген. Ауылдағы мәдени шаралар жазда далада, қыста ауыл әкімдігінің ғимаратынада өтеді. Тұрғындар осы мәселені бірнеше мәрте көтерді. 9 ай бойы тоқтап тұрған құрылыс осы айда қайта жанданғандай болды. Құрылысты бас мердігердің өзі аяқтауға уәде берген. Ал тапсырыс беруші жергілікті биліктің құрылыс қарқынына көңілі толмай отыр.
Дастан Саркенже, Мәдениет үйінің директоры:
- Осы мәдениет үйінің салынып бітуін күткенімізге 3-ші жылға аяқ басты. Қазір көріп тұрғандарыңыздай жұмыс қарқыны баяу. Жақсы нәтиже күтеміз. Болашақта игеріліп, осы құрылыстың аяқталуына үміт күтеміз. Былтыр наурыз айында тұрды. Биыл мамыры ай болды. Жұмысы енді-енді жүріп жатыр.
Нұрсұлтан Мұратов, Бас мердігер мекеменің өкілі:
- Бетон монолит жұмыс құйылуы керек. Бұйырса, бригада келеді. Оның бәрі дайын ішінде қазір жылы су, вентиляция жұмыстары жүріп жатыр. Осы күнге дейін 3 мердігер ауысты. Енді қазір ешқандай мердігер алынбайды. Өзіміз қолға алып, өзіміз бітіреміз деп жұмыстанып жатырмыз.