Балаңыздың гаджетін бақылайсыз ба?
Ата-аналардың басым бөлігі баласын пайдасыз контенттен қорғау үшін арнайы қосымшаларды қолдануға бейім.
Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген сауалнамаға қатысқан азаматтардың 43 пайызы осылай деп жауап берген. 14,8 пайызы баласының қайда жүргенін білу үшін арнайы құрылғы қолданатынын айтқан. Алайда бақылау кішкентайдың жеке өміріне бас сұғу деп білетіндер де бар. Яғни респонденттердің 10 пайыздан астамы контент таңдауды баланың өз еркіне қалдырады. Тағы 10 пайызы бауыр еті баласының не көретінін қадағалауға уақыты жоқ екенін жеткізген. Сондай-ақ сауалнамаға тартылғандардың көпшлігі - 60 пайызға жуығы сұраққа жауап беруден бас тартқан.
Сауалнама нәтижесі
Арнайы қосымша қолданады – 43%
Арнайы құрылғы қолданады – 14,8%
Бақыламайды – 10,3%
Уақыты жоқ – 10%
Жауап беруден бас тартты – 58,9%