Елде егіс алқаптарының 77 пайызы игерілді

Фото: depositphotos.com

Елде көктемгі егіс жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы дақылдары 16,3 млн гектар алқапқа егілді, деп хабарлайды «24KZ»

Атап айтқанда, дәнді дақылдар 11,2 млн гектарға, майлы дақылдар 3,6 млн гектарға, мал азықтық дақылдар 973,2 мың гектарға егілген. Сондай-ақ мақта – 167,6 мың гектар, картоп – 116,9 мың гектар, көкөніс дақылдары – 112 мың гектар, бақша дақылдары – 81,1 мың гектар, ал қант қызылшасы 22 мың гектарды құрады.

Егіс жұмыстары еліміздің негізгі астықты өңірлерінде қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Ақмола облысында 4,1 млн гектар, Қостанай облысында 3,7 млн гектар, Солтүстік Қазақстан облысында 2,7 млн гектар жерге егін егілген.

Науқанға 133,9 мыңнан астам трактор, 5,6 мыңға жуық жоғары өнімді егіс кешені, 71,4 мың сепкіш және 188,5 мың топырақ өңдеу құралы жұмылдырылған. Сонымен қатар аграршыларға 70 сервистік орталық техникалық қолдау көрсетіп отыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз