Ұлытауда «Жасыл ел» жасағы 700 жаспен толықты

Ұлытауда «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмысқа кірісті. Маусымдық еңбек науқанын ұйымдастыруға жергілікті қазынадан 100 млн теңге бөлінді.

Жасақ сарбаздары, алдағы үш ай бойы елдімекендерді абаттандыруға атсалысады. Еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімін-де, жастарға төтенше жағдайларда әрекет ету жолдары түсіндірілді. Экологиялық мәдениетті арттыру тақырыбында ойын ұйымдастырылды. Биыл облыс бойынша жасақ құрамына 700 жас қабылданды. Іріктеу кезінде, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелеріне басымдық берілді.

Гүлназ Кәкен, «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшесі:

- Жастарды жұмысқа тәрбиелеуге үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Жаңа идеялар. Ұымдастырушыларға осылай жастарды дамытуға үлес қосып жатқандарына алғыс білдіреміз. Бізде Қаражал қаласында 100-ге жуық «Жасыл елге» балалар тіркелді. Біз қаламыздың, кентіміздің көркеюіне өзіміздің үлесімізді қосамыз.