Былтыр 335 мың сәби өмірге келді
Елде 17 жасқа дейінгі бала саны 6 млн 900 мыңнан асады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек былтыр 335 мың сәби дүниеге келген.
Олардың 51 пайызы – ұл, қалғаны – қыз. 205 мың бала қалада, 130 мың бала ауылда туған. Бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы көш басында тұр.
Былтыр 26 үшем, 3 430 егіз бала дүниеге келді
Былтыр босанған әйелдердің орташа жасы 29-да болды. Ал 10 мыңнан астам сәбидің анасы 20 жасқа толмаған. Тағы 148 баланы 50 жастан асқан әйелдер дүниеге алып келген. Сәбилердің төрттен бірі отбасының тұңғышы атанған. Сонымен қатар 3 430 егіз бен 26 үшем дүниеге келді.