Елде балалардың құқығын қорғау басқармалары құрылды
Әр баланың өмірі маңызды, оның құқықтары, әл-ауқаты, қауіпсіздігі мемлекет қорғауында. Осы мақсатта елімізде барлық қажетті заң қабылданып, арнайы қызметтер құрылды.
Мәселен, елдің барлық өңірінде балалардың құқықтарын қорғау басқармалары жұмыс істеп тұр. Олардың мақсаты профилактика жұмыстарын күшейту, жедел әрекет ету тетіктерін жетілдіру және ведомствоаралық үйлестіруді тиімді жолға қою. Сонымен қатар мектеп психологтарына, полицияға немесе азаматтардан түскен әрбір дабылға ден қою, оқиға орнына шығу міндеті де осы басқармаларға жүктелген.