Ақтауда балалар жағажайда сурет салды
Ақтауда жеткіншектер сурет салу байқауында сынға түсті. Мерекелік шара «Жартасты соқпақ» алаңында өтті.
Балалар кенеп матаға және тротуарға құстар мен хайуанаттарды бейнелеп, көпшілікті табиғатты аялауға үндеді. Облыс прокуратурасы мен қала әкімдігі бірлесе өткізген шараға 300-дей оқушы қатысты. Кейбірі ерекше қажеттілігі бар бала.