Ақтау тұрғыны есірткімен ұсталды
Ақтау тұрғыны аса ірі көлемдегі есірткімен ұсталды. Күдікті прокурорлар мен полицияның бірлесіп өткізген жедел іздестіру шарасы кезінде қолға түсті.
Қол сөмкесінен жалпы салмағы 4 келіден астам «Гашиш» тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.