Петропавлда оқушылар ұшу аппараттарын жасады
Петропавлда балаларды қорғау күні «Бір аспан, бір әлем» атты облыстық байқау өтті. Түрлі ұшу аппаратын жасаған 25 оқушы өзара бақ сынады.
Жас инженерлердің авторлық жобасы жұрт назарына ұсынылды. Қатысушылар авиация тарихын, механиканы және ұшу аппараттарын алдын ала зерттеген. «Мұндай шаралар өнертапқыштардың инженер-конструктор мамандығын таңдауына ықпал етеді», - дейді ұйымдастырушылар. Балалардың еңбегі қиялының еркіндігі, дизайн ерекшелігі мен сапасы бойынша бағаланды.
Ерен Хасан, оқушы:
- Бүгін «Планер» және «Змеян» істедім. Бүгін екі бірінші орын алдым. Маған барлығы ұнады. Барлық жобалар жақсы болды. Бірақ менікі күштірек болды.