FАО Қазақстанда 20 жобаны жүзеге асырып жатыр
Қазақстан аграрлық салада басты ойыншылардың біріне айналып келеді.
Қазірдің өзінде біздің ел әлемдегі ең ірі астық және ұн экспорттаушы мемлекеттердің қатарында. Аграрлық сектор ішкі нарықты ғана емес, Орталық Азия, Кавказ және Еуропаға сапалы бидай жеткізіп отыр. Бұдан бөлек трансшекаралық мәселелерде, әсіресе бруцеллез сынды мал ауруларымен күресте оң тәжірибе көрсетіп келеді. Мұның бір айғағы Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы біздің елде 10 жобаны жүзеге асырып жатыр. Жалпы құны 9,5 млн доллар. Оның ішінде мал шаруашылығы мен ветеринариялық қауіпсіздік, селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығын цифрландыру, т.б. бағыттар бар. Былтыр мәртебелі ұйымның Римдегі штаб-пәтерінде «Қазақ залы» ашылды. Ұлттық нақышта безендірілген бұл заманауи коворкинг орталығы Қазақстанның имиджін әйгілеп тұр.
Эльвира Бердәулетова, FАО Қазақстанның коммуникация маманы:
- Қазақстан өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінде өзінің маңызды, ойып тұрып алатын орыны бар деп айта аламыз. Еліміз әлемдегі ірі астық өндірушілердің бірі және экспорттаушы мемлекеттердің бірі болып саналады. Бидай мен ұнды көптеген мемлекеттерге жеткізеді. Қазақстанның аграрлық әлеуеті Орталық Азияға, Орталық Азия мемлекеттеріне өңірлік деңгейде, Ауғанстанға, Кавказ елдеріне де басқа өңірлерге олардың азық-түлік тұрақтылығын қолдауға ықпал ете алады.