Ақтауда тәртіпті темір төбеттер қадағалайды
Мұнда қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында роботтандырылған платформалар енгізіліп жатыр.
Жаңа механикалық көмекшілер қоғамдық орындарды патрульдеу, жедел ахуалды бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін пайдаланылатын болады.