Атырауда кітап оқу байқауы өтті

Атырауда мектеп оқушылары арасында «Менің өмірімдегі кітап» атты облыстық байқауы өтті. Жоба былтыр қараша айында басталған.

Алдымен оқушылар мектепте, кейін аудандық және қалалық іріктеуден өтіп, бүгін облыстық кезеңде бақ сынады. Байқау барысында балалар 10-нан астам шығарманы оқыған. Бердібек Соқпақбаевтың «Чемпионы», Әбіш Кекілбаевтың «Күйі», Джек Лондонның «Тектік сарыны» мен Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясы» секілді ауқымды шығармаларды оқу тапсырылған. Бүгін облыстық кезеңде қатысушылар сол туындылардың мазмұны мен кейіпкерлері туралы сұрақтарға жауап берді.Бұл шара балалардың оқу мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың ой-өрісін кеңейтуге де жол ашады, - дейді мамандар.

Мақаш Ілиясов, Таланттарды анықтау және қолдау орталығы директорының орынбасары:

- Бұл байқаудың ерекшелігі - мектепішілік кезеңнен бастап, жалпы саны 13 600 оқушыны қамтыған. Одан кейін қалалық кезеңдер, аудандық кезеңдер өткізіліп, сол кезеңдерден жеңімпаз атанған 100 топ, яғни бір топта 4 оқушыдан, 400 оқушы өз бақтарын сынауға келіп отыр.