No comment: Ақтауда оқушылар ерекше шара өткізді

Ақтаулық оқушылар ерекше патриоттық шара өткізді. Жеткіншектер орталық алаңға жиналған көпшілік алдына қаз-қатар тұрып, Қазақстанның картасын бейнеледі.

Қолға сары түсті лента ұстаған балалар, көкте нұрын төккен күн бейнесін көрсету арқылы туған елге деген сүйіспеншілік сезімін білдірді.